Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен 7 қазан күнінен бастап
«Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.
Акция аясындағы алғашқы сенбілік барысында Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық басқармалары және аумақтық органдары тазалық жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді. Ал, аудан әкімдіктері қоқыс жинақталған орындар мен Бадам өзенінің жағалауын тазалауға жауапты болады.
Құрметті қала тұрғындары, кәсіпкерлер, қоғам өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік мекеме қызметшілері, еріктілер мен белсенді жастар!
Бәріміз бірге өз қаламызға жанашырлық танытып, сенбілікке біркісідей қатысайық! Қоршаған ортаның тазалығына баршамыз үлес қосайық!