Халықтың қалауы орындалды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Ордабасы ауданында нақты істермен жалғасуда.Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың жергілікті тұрғындармен кездесуінде жұрт тарапынан көтерілген мәселелер біртіндеп шешімін тауып жатыр екен. Соның бірі Төрткүлдегі күре жол мен аяқ жол мәселесі оң шешімін тапқан. Ал, ауданды бөле жарып өтіп жатқан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің жергілікті халқы үшін пайдасы зор болып тұр.

         Биыл ауданда 54 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Бұл ретте де мемлекеттік «Ауыл ел бесігі»жобасы көп көмегін тигізіп жатыр. Атап айтар болсақ күре жолдың бойында орналасқан Төрткүл ауылындағы орталық Қонаев көшесі толықтай жаңғыртылыпты. Уақыт өте ескірген жол жабындысы толықтай сырылып, жаңа асфалт төселген.

Тағы бір ерекше  атап өтетін мәселе аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесуде халық тарапынан бірнеше күрмеулі мәселе көтерілген екен. Соның бірі Төрткүл ауылындағы аяқ жол мен Елшібек батыр және Қарақұмдағы жол. Жергілікті билік халық үніне құлақ асып күре жолдың бойына аяқ жол төсеп, ауылға баратын жолдарды асфалттап жатыр.

         Ал, Қарақұмдағы тірліктің науайы бөлек. Бір кездері одаққа жүзімінен   жасалған сусынымен аты әйгілі болған ауылда шашылып жатқан көше көрмейсің. Барлығы тап-тұйнақтай таза. Ауыл ішіндегі күре жол құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Былтыр ескі жол сүріліп қос қапталына су ағар мен аяқ жол салынған. Биыл асфалт төселіп жатыр.

         Елді мекендерді жарықтандыру ісі бойынша да жоспарлы жұмыс бар. Ең бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға баратын жол бойын жарықтандыру ісі жүргізілуде екен. Оған қоса ауыл ішіндегі газ құбырын мен су тарту жұмыстары бітпейінше жолға асфалт төселмейді. Өйткені жаңа жол бүлінеді. Сондықтан барлығы жүргізіліп болған соң барып жол салынады,дейді әкімдіктегілер.Ендігі мәселе ауыл ішіндегі тас жолдарға  асфалть жабындысын төсеу, дейді мамандар. Дегенмен, бұл жұмыстар да жоспарда бар. Бәрі кестеге сай біртін келе орындалатынын жеткізді.

Ntime.kz