ХҚО-ға кезекті онлайн қалай брондау керек?

ХҚО-ға кезекті онлайн қалай брондау керек?

 Ғаламтор дамыған сайын халықтың тұрмыс сапасы артып келеді. Әлеуметтік желі мен мобильді қосымшалар арқылы тұрғындар уақытын тиімді пайдаланып, қызметтің басым бөлігін ешқайда шықпай-ақ, пайдалана алады. Барған күннің өзінде алдын ала өзіңізге тиімді уақытты белгілеп, уақытылы барсаңыз жеткілікті. Бүгінде ХҚО-ға кезекті брондау оңай әрі жылдам. 1-2 минуттың ішінде кезекті алдын ала онлайн белгілеп барсаңыз, ХҚО-да біршама уақытыңызды үнемдейсіз. Сонымен, бронды egov.kz порталы не egovkzbot2.0 телеграм боты арқылы қалай жасаймыз? Мамандар жауап береді.

Телеграм-боты:
— EgovKzBot2.0 ботын тауып, /start батырмасын басыңыз;

— Қызметтер ішінен ХҚО-ға кезекті брондауды таңдаңыз;

— Елдімекен мен баратын ХҚО-ңызды көрсетіңіз;

— Қызмет түрін таңдаңыз;

— Баратын күніңіз бен уақытты таңдаңыз;

 Egov.kz порталы:

— Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз;

— Басты беттегі «Кезекті ХҚО-ға онлайн брондау» сілтемесіне кіріңіз;

— Ашылған бетте ЖСН нөміріңізді, ауданыңызды толтырыңыз;

— Қажетті ХҚО мекенжайы мен қызмет түрін таңдаңыз;

— Әрі қарай орталыққа бару күні мен уақытын көсетіңіз;

Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!

Ntime.kz