Түркістанда сапалы интернет пен ақпараттық қызмет қолжетімділігі аруда. Бұған Туризм индустриясын дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының септігі тиюде. Бағдарламаның маңызды бағыты – туристік қызметтер нарығындағы цифрландырудың деңгейін жоғарылату. Осыған орай, елімізде айтулы бағытта қызмет көрсету барысын оңтайландыру ісі жолға қойылған.
Аталған бағдарлама аясында саяхатты жаны сүйетіндерді елімізге тартуға және олардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.Жаңа Түркістан еліміздің көз тартарлық ерекше, көрікті жерлерінің біріне айналып келеді. Ахмет Яссауи кесенесінің тарихымен кеңірек танысуды көздеген туристер саны да жылдан жылға артып отыр. Оларға жағдай жасау мақсатында тың жобалар жүзеге асуда.
Қасиетті мекеннің төңірегінде бой көтерген рухани-мәдени кешенінде келушілер ұшін сапалы ұялы байланыс қолжетімді. Былтыр жыл соңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түркі елдерінің астанасы Түркістанда 5G мобильді интернет қосылды.
5G мобильді интернет 2021 жылы желтоқсанда республика аумағында алғашқы болып Түркістанда өндірістік қолданысқа қосылды. Жоғары жылдамды мобильді интернет құрылғысы әуежайдан бастап, әкімшілік іскерлік орталығы, Конгресс холл, стадион, рухани- мәдени орталығы, оның ішінде Керуен сарай кешенінде, Мавзолей, Экобазар және Риксос қонақ үйінде орнатылған. Бұл интернет 5 буыны өте жоғары жылдамдықта істейді, Цифрлық жоба 5G Түркістан облысында дамиды. Аймақта туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жаңа технологиялар кеңінен пайдаланылуда.
Айта кетейік, жауаптылар полиция департаментімен бірлесіп 11 дабыл нүктесі құрылғысын орнатты. Мақсаты құрылғыдағы бейнеокамера арқылы жедел басқару орталығымен хабарласып, дер кезінде мәселен зат ұрланса тез арада полиция қызметкерлері келеді. Оқиғаның барлығы тіркеледі. Яғни, мәліметтер толық сақталады екен.
Елімізде туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі өңірді туристерге тартымды ету – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Сондықтан мұнда, көне тарихи-мәдени нысандар, ондағы жәдігерлер , зиярат ететін қасиетті жерлер, демалатын табиғаты керемет орындар жайлы ақпаратты қол жетімді ету бағытында тиімді жоба жұмыс істеуде.
Осында орналастырылған Түркістан мобильді қосымшасын жүктеп барлық ақпарды аласыз. Түркістанда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көптеген жобалар келешекте облыс аумағындағы тарихи мәдени орындарда жүзеге асыру жоспарлануда. Бағдарлама облыс тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, сапалы өмір сүруіне едәуір ықпалын тигізуде.
Ntime.kz