Жамбыл облысында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасуда.
Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш халыққа қызмет көрсетудің барлық орталықтарында, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қабылданады.
Заңдастырудың негізгі критерийлеріне көлік құралының сәйкестігін ақпараттық жүйелер бойынша тексеру процесі толық автоматтандырылған.
Шетелдік көліктерді заңдастыру нәтижелері бойынша Жамбыл облысында 3638 автокөлік тіркелген. Бүгінгі таңда ең көп тіркелген Қырғызстаннан әкелінген көліктер, жалпы саны 2458-ді құрап отыр. Ал Ресейден — 820, Армениядан-325, Грузиядан -31, БАӘ-ден — 2 және Корея мен Беларуссиядан бір- бір көліктен әкелінген.
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру процесі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.