3 525 зейнеткер шипажайға жолдама алды

шипажайға

Шымкент қаласында қазір 93 407 зейнеткер бар. Оның 2-і ҰОС ардагері, 1 767-сі тыл еңбеккері. Көп балалы аналар саны – 64 605 және  «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 370.Көп балалы яғни 4-5 баласы бар аналар саны 51 535. 

Қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес, жыл сайын зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 5 000 ардагер мен зейнеткерге шипажайға жолдама беріледі. Оған қоса, басқармаға қарасты 70 орынға лайықталған «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешені ашылғаннан кейін жылына тағы 2000 зейнеткерді сауықтыру шипажайымен қамту мүмкіндігі туды. Осылайша қаламызда жалпы 7000 зейнеткерді шипажайда сауықтыру емін қабылдауына жағдай жасалды.

Биыл жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан мемлекеттік тапсырыс аясында 4 шипажаймен келісім-шарт түзілді. Олар Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі» шипажайы, Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі» шипажайы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» және қала ішіндегі «Денсаулық» шипажайлары. –Аталған шипажайларға 7 айдың қорытындысымен 2 355 жолдама берілді. Ал, «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде 1 170 зейнеткер сауықтыру емін алды. Шипажайларға жолдама беру кезегі geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Кезекке үйден шықпай-ақ портал арқылы тіркелеуге және кезек ретін бақылауға болады. Қазір шипажайға жолдама кезегіне 26 мыңнан астам зейнеткер тіркелген, — деді басқарма басшысы Жанат Өмірсейітқызы баспасөз брифингте.

Сонымен қатар, қаламыздағы 1935 ардагерге «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттер, «Ардақты ардагер» басылымдарына тегін жазылу үшін келесім-шарт түзілген.