Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімі М.Әйтенов бекіткен «30 жұлдызды күн» іс-шарлар жоспарына сәйкес, Шымкентте қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мен қалалық «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе жұмыссыз тұрғындарға арналған көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып өткізді. «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығында өткен жәрмеңкеде түрлі мекемелер мен кәсіпорындар тарапынан 700-ге жуық техникалық, педагогикалық және т.б. салалар бойынша тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында келушілерді жұмыспен қамту орталығының мамандары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі мен жұмыспен қамту шараларына қатысу мүмкіндіктерін түсіндіріп, ақпараттандырды.Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова ханым бүгінгі жәрмеңкеде бірқатар азаматтар нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамтылғандығын және де жұмыс беруші мекемелердің сұранысына сай қажетті маман таңдауларына мүмкіндік берілгендігін айта келе, бүгінгі таңда «Алем БТ», «Azala Textile», «Гаухар тігін фабрикасы», «Alliance» ЖШС, «PetroKazakhstan» сынды ірі кәсіпорындарға инженер, диспечтер, тігінші, механик, дәнекерлеуші және т.б. техникалық мамандықтар қажет екенін атап өтті. Жалпы жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 28 286 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінгі таңға дейін 26 013 адам қаладағы түрлі кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа жолданып отыр.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы