Шымкент қаласындағы балалар ауруханасының және №1 қалалық аурухананың мамандары 13 жастағы балаға күрделі ота жасады. Дәрігерлер жасөспірімнің тамағында пайда болған үлкен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады. Жас пациент екі аурухананың бас дәрігерлерінің келісімімен тексеріліп, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.Мамандардың айтуынша, қалқанша без аймағында мұндай көлемдегі ісіктер сирек кездеседі, ал науқаста диаметрі 10 см-ге жеткен. Оны алып тастау операциясы бір жарым сағатқа созылды. №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай және балалар ауруханасының хирургиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Сарыбай Сұлтанғали бастаған хирургтар ісікті зергерлік дәлдікпен алып тастады. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы жақсы. «Қалқанша безінің функциясының бұзылуына байланысты науқаста оның мөлшері жыл сайын артып келген. Нәтижесінде оның өмірінің әр күні соңғы болуы мүмкін еді, өйткені ісік қалыпты дем алып, сөйлеуге кедергі келтірді», — деді аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай.Мұндай операция балалар ауруханасында алғаш рет жасалды. Хирургтар хирургия кезінде білікті маманнан баға жетпес тәжірибе алғанын, енді қалқанша безіне операция жасауға дайын екендерін айтады.Айта кетейік, биыл балалар ауруханасында Эндокринология саласы бойынша педиатриялық бөлім ашылды. Сонымен қатар, аурухана қаражаты есебінен эндокринолог мамандығы бойынша дәрігер-резидент дайындалуда. Жалпы, қазір қала тұрғындары қалалық балалар ауруханасынан мамандандырылған көмек ала алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі