Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына тікелей байланысты. Шымкент қаласында статистикалық есеп бойынша 1077 спорттық нысан тіркелген (оның ішінде, дене шынықтыру және спорттық мәндегі – 521, білім мекемелерінде – 503, спорт мекемелерінде – 53). Жалпы 1077 спорт нысанның 150-і жеке меншікте.
2023 жылдың 1 тоқсанында шаһарда «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы» пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін қосымша 4 спорт кешенінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылмақ. Олар – «Металлург» стадионы, №12 спорт мектебінің қосымша корпусы, №20 спорт мектебінің спорт кешені және «SPORT LIFE» футбол орталығы.
Шымкентте бұқаралық спортпен шұғылдануға барлық жағдай бар. Бұқаралық спортпен қамтылғандардың үлесі жылдан-жылға артып келеді.