Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 6–12 қыркүйек аралығында есірткінің «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.Іс-шараның басты мақсаты Шымкент қаласының аумағында «дәріханалық нашақорлық» құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік құралдарды рецептсіз босату, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және олардың жолын кесу болып табылады. Сонымен қатар, аталған іс шара аясында химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, жеке кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар мен медициналық мекемелерінін құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттар бар дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу, арнайы рұқсатсыз жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын тұлғаларды анықтау болып табылады.
Шымкент қаласының Полиция департаменті