Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды мегаполис полицейлері «Тосқауыл» ЖПІШ барысында анықтады.
Мәселен, Қаратау ауданында синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан 2 бойжеткен ұсталып, олардың бірінің сөмкесінен 10 дана, екіншісінің қалтасынан өткізуге дайындалған 5 дана орамалар табылды. Күдіктілер қамауға алынды.
Сол секілді, 9 ақпанда полицейлермен есірткі заттарын сақтауға күдіктелген бұрын сотты болған 59 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, одан 1 келіге жуық кептірілген «марихуана» есірткісі табылып тәркіленді. Қазіргі таңда ер адам қамауда.
Рейдтер барысында 506 есірткі жарнамалайтын граффити жойылды.
Білім беру ұйымдарында, қоғамдық орындарда аталған қылмыстардың алдын алуға және есірткі пайдалануды болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Шымкент Қаласының ПД