Шымкентте «Наурызнама» онкүндігі басталды

«Наурызнама» онкүндігі

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Ұлыстың ұлы күнін қайта жаңғырту, төл мерекемізді тойлаудың дәстүрін қалыптастыру мақсатында 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі өтеді. Биыл да шаһарда Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту жоспарланып отыр. Баршаңызды ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

Мерекелік бағдарламалар:

14 наурыз – Көрісу күні
Астана алаңы, 11:00-13:00 – мәдениет саласының өкілдерімен көрісу жоралғысы өтеді.
Ордабасы ауданы, «Шәмші» аллеясы, 🖇️📍11:00-15:00 – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдерінің көрісу жоралғысы өтеді.

15 наурыз – Қайырымдылық күні
Қала аумағында – «Мейірім жүректен» акциясы, баспана кілттерін табыстау, жәрмеңкелер.
Балалар үйлері – мерекелік концерттер мен цирк қойылымдары ұйымдастырылады.

16 наурыз – Шаңырақ күні
Қошқар ата өзені бойы, 11:00 – «Қошқар ата сейілі», ұлттық көрмелер мен спорттық жарыстар өткізіледі.
Арбат демалыс аймағы – «Бақытты жанұя» іс-шарасы
Перзентханалар – жаңа туған сәбилерге «Наурыз-базарлық» сыйлықтары табысталады.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Қаратау дәстүрлі өнер мектебі, 11:00 – Республикалық «Күміс қалам» жас ақындар мүшайрасы өтеді.

18 наурыз – Ұлттық киім күні
Астана алаңы, 11:00 – ұлттық киім фестивалі, отандық дизайнерлер көрмесі өтеді.

19 наурыз – Жаңару күні
Шым сити шағынауданы – «Таза өлке» және «Рахмет, Жер ана!» экологиялық акциясы өтеді.
Қала аумағы – 1000 түп ағаш көшеттерін отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Қаладағы спорт алаңдары – ұлттық ойындар мен жарыстар.

21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні
Астана алаңы мен қала аудандарында, 10:00 – мерекелік концерт, этноауыл, қолөнер көрмелері көпшілік назарына ұсынылады.
Астана алаңы, 19:00 – эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

22 наурыз – Жыл басы күні
10:00 – «Бесікке салу» дәстүрі
14:00 – «Жарамазан Fest» республикалық байқауы

23 наурыз – Тазару күні
Қала аумағы– сенбілік, аулалар мен көшелерді тазарту іс-шарасы.

Баршаңызды Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырамыз! Наурыз құтты болсын!