2021 жылдың 6-мамырында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Ол өз арызында белгісіз тұлға шағын несие орталығынан 150.000 теңге несие алып беремін деп, алдап кеткенін көрсеткен.
Қаратау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.