Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд барысында Шымкент қаласы, Сайрам көшесі бойында орналасқан «VILLA» қонақ үйі карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны анықталды. Қонақ үй қонақтарды қабылдап сонымен қатар нысана қызметкерлері бір реттік бетпердені тақпағандары белгілі болды. Рейдтік шаралар қала аумағында күшейтілген режимде жүруде. Қонақ үй әкімшілігінен түсініктеме алынды. Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі