Прокуратура органдары пробациялық бақылаудағы адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмысты жалғастыруда.
Прокуратураның үйлестіруімен аталған азаматтар жұмысқа орналасады және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күні пробациядағы адамдардың жалпы санынан (1417) 577 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 205 адамға жұмысқа орналасуға көмек, 497 адамға әлеуметтік — құқықтық көмек көрсетілді (білім алу – 2 адам, азық – түлікпен қамтамасыз ету — 35 адам, тұрғылықты жер ұсыну-5 адам, жәрдемақы алу-4 адам), сондай-ақ 258 адамдарға медициналық, психологиялық және заң көмегі көрсетілді.
Қала прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік 54 жұмыс орнына еңбек квотасын бөліп, 100% — ға толтырды. Сотталғандар қызметі қаланы абаттандырумен байланысты кәсіпорындарда, сондай-ақ ірі зауыттарда жұмыс істейді.
Прокуратура органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қабылдайтын шаралар пробацияда тұрған адамдарды әлеуметтік қорғауға бағытталған және рецидивті қылмыстың алдын алу тәсілдерінің бірі болып табылады.
Шымкент қаласының прокуратурасы