Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.
– Қалалық маслихаттың шешіміне сәйкес, биылғы жылы зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі, Арыс) курорттарымен келісім шарттар түзіліп, қазіргі уақытқа дейін сегіз мыңнан аса өтініш қабылданып, 736 зейнеткерге санаторлық-емдеу курорттарына жолдама берілді, — деді басқарма басшысы.
Спикердің сөзінше, Шымкентте 84 034 зейнеткер тұрады. Оның ішінде ҰОС ардагерлері – 7, тыл еңбеккерлері – 2 514 . Ал, көп балалы аналар саны – 55 814, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 224.
Айта кетсек, 2022 жылы жоғарыдағы санаттағы азаматтарға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетіледі.
Шымкент қаласы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы