Астана қаласында «Медицина үздігі – 2023» байқауының финалистерін марапаттау рәсімі өтті.
Жиынға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың дәрігерлері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
«DENI SAU ULT» ұлттық медициналық саммиті аясында өткен салтанатты жиында Шымкент қаласындағы медицина ұйымдарының қызметкерлері үздік атанып, марапатқа ие болды.
Еліміз бойынша жедәл жәрдем қызметінде «Үздік фельдшер» номинациясымен шымкенттік — Шәкіров Қанат Маханбетқұлұлы марапатталды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау жүйесінің дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Медицина үздігі 2023» республикалық конкурсының
«Үздік стационар Мейіргері» наминациясымен №1 қалалық клиникалық ауруханасының медбикесі Гаухар Құраалбаева марапатталды.
Еңбегі еленген ақ халатты абзал жандардың арасында Шымкент қалалық №4 емхананың қызметкері де бар. Емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Сапар Ақжарқын Абайқызы ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Айта кету керек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған саммитке еліміздің барлық өңірінен 1500-ге жуық қатысушы жиналған. Іс-шара медицина саласындағы соңғы жаңалықтар мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.