Шымкент қаласы Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Денсаулық сақтау департаменті бірлесіп Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушыларға семинар сабақ өткізді.Семинарда оқушыларға тәртіп сақтау заңдылықтары мен құқықбұзушылықтың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында Қаратау АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Түгелова Шолпан оқушылардың сабаққа толығымен қатысуын және түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрмеуін ескертті. Сондай-ақ, оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. «Жол-көлік оқиғаларына байланысты түрлі жазатайым жағдайлардың орын алуына тек көлік тізгіндеген азаматтар ғана емес, жаяу жүргіншілер де себепші болып жатады. Сол себепті де, балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін, алдымен, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек»,– дейді полиция аға лейтененты Түгелова Шолпан.Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті және Денсаулық сақтау департаменті мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарының нәтижелері оңды өзгерістерге бастайтынына сенімді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі