Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Назым Нұрланқызы Аярбекова Агро колледжде оқитын қыз-келіншектерге «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен оның алдын алу саласында құқық қорғау органдарының кәсіби дағдыларын көтеру болып табылады. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың құқықтық негіздері, және мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қаралатыны түсіндірілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі