Ұлы Жеңіс күні қарсаңында және Отан қорғаушылар күніне орай, Шымкент қаласының Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Даулеткелді Абдраманов пен Әл-Фараби АПБ тергеу бөлімінің бастығы Жандос Құлмахан шарапаты мол шараны қолға алды деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД.
Мерекелік әсермен тергеу қызметінің зейнеткері Батырбек Отыншиевтің үйіне барып, құрметпен құттықтады.Батырбек Жамалбекұлына Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтың атынан арнайы Алғыс хат табысталды.Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының зейнеткеріне сый-сияпаттарын үлестіріп, деніне саулық тіледі. Өз кезегінде Батырбек Жамалбекұлы полицейлерге алғысын айтып, еңбектеріне табыс тіледі.Батырбек Отыншиев 1961 жылы Шымкент облысында дүниеге келген.1983 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдап, сол жылы Джержинский (Әл-Фараби) ауданы ішкі істер бөлімінің тергеуші лауазымына тағайындалған. Аталған лауазымда 1983-1986 жылдар аралығында қызмет атқарған.1986-1989 жылдары Шымкент облысы ІІБ-ның тергеуші лауазымында қызметте болған.1989-1991 жылдары – Еңбекші АІІБ тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары, 1991-1995 жылдары – Еңбекші АІІБ бастығының орынбасары, 1995-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу Комитетінің Асықата ауданы бойынша бөлімінің бастығы, 1997-1998 жылдары –ОҚО ІІББ Анықтау басқармасының бастығы, 1998-1999 жылдары – Сарыағаш АІІБ-нің бастығы, 1999-2005 жылдары – ОҚО ІІД Тергеу басқармасының бастығы, 2005-2009 жылдары – ОҚО ІІД бастығының орынбасары, 2009-2012 жылдары – СҚО ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2013 жылдары – ОҚО ЭҚСЖД бастығының бірінші орынбасары, 2013-2014 жылдары – БҚО ЭҚСЖД бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарып, 2014 жылы зейнетке шыққан.