Мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасында көзделген талаптардың сақталауын қамтамасыз ету бағытындағы семинар сабағы өтті
Бүгін, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар өтті.
Семинар барысында мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік қызметті көрсету барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасында көзделген талаптардың сақталауын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер көтеріліп, орын алған кемшіліктер бойынша сұрақтар талқыланды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына тиісті түсіндірме жауаптар беріліп, іс-шарада талқыланған мәселелер бойынша мемлекеттік мекеме қызметінің сапасын жоғарылатуға бағытталған тиісті ұсынымдар енгізілді. Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерде тұрақты түрде түсіндіру және құқықтық оқыту жұмыстарын жалғастыратын болады