Шымкент қаласында қызметтік иттердің көмегімен 64 қылмыс ашылды

ит

Полицияның қызметтік-іздестіру иттері қылмыспен күресте ұзақ уақыт бойы сенімді серік ретінде танылып келеді. Төртаяқты «полицейлер» ең күрделі жағдайларда да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы дайындықтан өтеді. Олардың иістерді ажырата білуі, жасырын есірткі мен қаруды табуы және із кесу қабілеті көп жағдайда қылмысты ашуда шешуші рөл атқарады. Бұл серіктестер дәлелдер табуға, қылмыскерлерді ұстауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

– Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 64 қылмыс ашылды. Оның ішінде 15 ұрлық, 2 тонау және 15 есірткі қылмысы бар. Төртаяқты көмекшілер 442 жедел шараға қатысып, құқық қорғау органдарының жұмысында өздерінің таптырмас көмекші екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, – деп мәлімдеді полицейлер.

Бұл нәтижелер қызметтік иттердің қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтаудағы маңызды рөлін айқын көрсетеді. Олар – қоғам үшін адал әрі тиімді серіктес болып қала береді.

Шымкент Қаласының ПД