Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты қызмет алушыдан өтініш түскен.
Қызмет алушы, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының kezekte.kz электрондық порталына тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеуге өтініш білдірген, алайда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің болмағандығынан, тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартылғаны анықталды.
Департамент тарапынан өтініш иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызмет алушымен қажетті құжаттар толығымен тапсырылып, қызмет алушы тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тіркелді.
Осылайша, қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.
Айта кетейік, егерде көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты арыз-шағым, қандайда бір сұрақ немесе ұсыныс болатын болса, Департаментке тікелей (Шымкент қ., Тәуке хан 3»А») немесе электрондық жүйе (Е-Otinish) арқылы жолдай алатындарыңызды хабарлаймыз.