Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы қызметіне Орынбеков Заманбек Оралбекұлы тағайындалды.
Заманбек Оралбекұлы 1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінде бастаған.
2013-2019 жылдары ОҚО әкімдігі «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» КММ, ОҚО әкімдігі «Жастар орталығы» КММ, «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС, Инновациялық-технологиялық колледжі, Шымкент қаласының білім басқармасы мекемесінде қызмет атқарған.
2019-2022 жж. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Жастар орталығының директоры болған.
2022 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшы орынбасары лауазымын атқарып келді.
Заманбек Оралбекұлы, алдағы қызметіңізге сәттілік тілейміз!