Фото – Ернар Мамыр
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Н.Сейдалиев айтты.– Шымкенттік прокурорлар қылмыстық істерді қарау мерзімін жеделдетті. Соңғы уақытта 3 буынды модельдің мүмкіндігі аясында қағазбастылықтан арылып, апталап жататын істердің зерделенуін жылдам қарауда. Бұған дейінгі модель жаһандық қылмыстық іс бойынша азаматтарға қатысты қабылданған шешімнің заңдылығы істің прокуратураға жолданғанынан кейін ғана тексерілді. Нәтижесінде құқықтары бұзылған азаматтар айлап қылмыстық қудалаудың жетегінде жүрді. Ал үш буынды модельдің енгізілуі осындай мәселені жоюда. Себебі, азаматтардың құқықтарына әсер ететін негізгі шешімдерді прокурор келіспей (не бекітпей) олардың заңды күші болмайды. Бұл норма қолданыстағы Қылмыстық-процестік кодекске де енді. Қазір прокурор қылмыстық процесте азаматтардың болашақ тағдырына жауапты. Олардың құқықтарын қорғап, әділеттік пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Осы ретте бізге сенім артқан азаматтарымыздың алдындағы үлкен жауапкершілікті нақты сезініп отырмыз, – деді Нұржан Ақыпбекұлы.Спикердің сөзінше, қадағалаушы орган өкілдері жыл басынан бері жаңа форматта азаматтардың құқықтарына әсер ететін 11 мыңнан астам шешімді дер кезінде зерделеді. Оның 2000-ға жуығын сотқа жолдаған. Нәтижесінде бұл істермен бірде-бір азаматтың конституциялық құқықтары бұзылмаған. Айта кетейік, бұл прокуратура, полиция және сот арасындағы өкілеттіліктерді бір ізділікке түсіруге жасалған оңды қадам. Өз кезегінде прокурорлар да істі сотқа жолдаған сәтте емес, істің тіркелгенінен бастап, адамның құқықтарының бұзылуына жол бермеуіне тосқауыл қояды.Еске салсақ, үш буынды модельді енгізу мәселесі Мемлекет Басшысының өткен жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында қаралды. Онда азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін үлгі керектігі қозғалды. Яғни полиция қылмысты анықтап, оған қатысы бар адамды тауып, айғақ жинауы тиіс. Бұл ретте прокурор жиналған дəлелдемелерге тəуелсіз баға беру арқылы, кінəсіз адамдардың қылмыстық қудалауына жол бермей, сотта таққан айыбын қолдау және сот осы органдардың әрекетіне қатысты шағымды қарап, іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау керектігі туралы айтылды.Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы