Әулетімен қоғамның әлеуетін көтеруге үлес қосуда

Шымкеттегі мұнай

Шымкеттегі мұнай өңдеу зауытында бір әулеттің 4 мүшесі жұмыс істейді. Олардың жалпы еңбек өтілі 60 жылдан асады. Ата, әке, бала династиясын жалғастырған отбасына біздің түсірілім топ барды. Бір мекемеде қызмет етудің қызғы мен қиындығы жайында сұрап көрдік. 

Бақытжан Бахиев Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерін есепке алу жөніндегі техник қызметін атқарады. Жұмыс өтілі 40 жыл болған жұмысшы ардагер 2023 жылы «Еңбек жолы» конкурсында жеңімпаз атанған. Бұл отбасыға «Үздік еңбек әулеті» номинациясы берілген. Оның інісі, баласы және келіні өзі жұмыс істейтін зауытта түрлі салада қызмет етеді. 

 Ал Бақытжан Бахиевтің ұлы Ерлан зауытта электр монтер қызметінде. Алғашында кеден қызметінде еңбек етуді мақсат еткен ол әке кеңесін тыңдап өнеркәсіп саласын таңдаған. Мұнай өңдеу зауытында 11 жылдан аса еңбек өтілі бар. Айтпақшы, ол келіншегімен осы зауытта танысып, шаңырақ құрыпты. Қазіргі таңда әулет келіні Мәншүк Ахынова химиялық талдау лоборанты болып жұмыс істейді. 

Шымкенттың мұнай өңдеу кешенінің құрылысы 1972 жылы басталды. Бір жылдан кейін стандартты емес жабдықтар цехы салынып бітті. Бұдан кейін зауыттың құрылыс жұмыстары баяулап қалды, ал зауыттың негізгі цехы болып табылатын ЛК-6У цехның құрылысы уақытша тоқтатылды. Құрылыс жұмыстары 1976 жылы ғана қайтадан жанданды, сөйтіп қосымша цехтарды тұрғызу жұмыстары басталды.

 Бұл зауытта Бақытжан Бахиевтің інісе де жұмыс істейді. Бауыржанның бұл өндіріс орнына қызметке келгеніне 4 жылдан асқан. Ол мұнай өңдеу зауытында өрт қауіпсіздігін қадағалайтын көлікті тізгіндейді. Өнегелі отбасы осылайша адал еңбегімен көпке үлгі болып отыр. «Үздік еңбек әулеті» маңдай тер мен табанды бейнет баянды ғұмырдың негізі,-дейді. 

1985 жылы тұрғызылған Шымкент мұнай өңдеу зауыты республикадағы ең жаңа зауыт болып табылады. Зауытта Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты шығаратын мұнай өнімдерінің қазіргі көлемінің шамамен 30%-ы қайта өңделеді. Шымкент МӨЗ – бұл Қазақстанның оңтүстігінде, республиканың халық ең тығыз қоныстанған бөлігінде орналасқан мұнай өңдейтін бірден бір зауыт. Осы кәсіпорынынң қолайлы географиялық орналасуын және жоғары техникалық мүмкіндіктерін есепке алса, ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізілімдерді жүзеге асыру үшін онда барлық алғышарттар бар.



Be the first to comment on "Әулетімен қоғамның әлеуетін көтеруге үлес қосуда"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*