Аталған мәселе ағымдағы жылдың 16 ақпанында Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралды.
Кеңес отырысында Қазығұрт ауданының лауазымды тұлғалары іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу, қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламауға тиістігі туралы талаптарды сақтамағаны анықталған.
Осыған орай, Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылдық округінің әкімі
Ә. Ертаевқа, Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округінің әкімі
А. Нүсеновке, Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н. Қалдыкөзовке Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен «ҚАТАҢ СӨГІС» түріндегі жаза қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, Бәйдібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына Е. Есмырзаевқа өзінің әрекетімен сынға себепкер болмау туралы Әдеп кодексінің талабын сақтамағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен «ҚАТАҢ СӨГІС» түріндегі жаза қолдану ұсынылды.
Кеңес отырысында қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызметтерінің нәтижесі бойынша Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М. Исаевтың, Қазығұрт ауданы әкімі аппаратның Ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Ильясовтың есептері тыңдалды.
Бұдан бөлек, тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде тәртіптік комиссиясының жұмыс нәтижелері бойынша Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы, тәртіптік комиссия төрағасы А. Бакировтың есебі тыңдалып, тиісті ұсыныстар берілді.
«Әділдік жолы» РҚБ Түркістан облысы бойынша филиал жетекшісі, Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі- Амангелді Қалыбек.