Алматыда Digital Almaty 2024: «Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» жыл сайынғы цифрлық форумы өтіп жатыр. Іс-шара барысында форумға қатысушылар — ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекет қайраткерлері, жетекші сарапшылар, бизнес және саясат өкілдері – цифрлық технологиялар саласындағы заманауи үрдістерді, сондай-ақ оларды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық міндеттерді шешу үшін қолдану мүмкіндіктерін талқылайды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ халықаралық форум аясында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік трендтері» панельдік сессиясының жұмысына қатысты. «KAP Technology» ЖШС бас директоры Николай Мельников өз сөзінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында қолданылатын заманауи цифрлық шешімдер туралы баяндады. Ол айтқандай, өндірістік қауіпсіздікті басқару процестерін автоматтандыру қызметкерлердің еңбегін қорғау және атом холдингінің өндірістік процестерін оңтайландырудың негізгі стратегиясы болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіптің өндірістік процестерінде кәсіпорындардың қызметкерлері шешуші рөл атқарады. Олар – біздің холдингтің табысқа жетуінің негізгі драйвері. Сондықтан біздің компания үшін қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең жоғары басымдыққа ие.
Осыған байланысты біз өндірістік қауіпсіздікті басқару процестерін цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Компания тобында біз нақты уақыт режимінде қауіпті аймақтарды, іс — қимылдарды, арнайы жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды бақылауға, автоклікпен жолаушылар мен қауіпті жүктердің тасымалын және жүргізушілердің жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін бірқатар тиімді құралдарды қолданамыз», — деп атап өтті Николай Мельников.
Сондай-ақ, спикер аудиторияға «eKAP» корпоративтік қосымшасының функционалдық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ақпараттық жүйенің көмегімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында ауысым алдындағы тексерулерді, күнделікті нұсқамаларды, қауіпті жұмыстарға жіберуді автоматтандыру жоспарланған. Жаңа цифрлық технологияларды компанияның 20 мыңнан астам қызметкері пайдаланады деп күтілуде.
Іс-шара аясында «Семізбай-U» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымы) «Семізбай-U» ЖШС «Иіркөл» филиалының мысалында «Уран өндірісінің технологиялық процестерін кешенді роботтандыру» ҒЗТКЖ тақырыбы бойынша макет ұсынды. Жоба табиғи уранның химиялық концентратын көліктік орау контейнеріне тиеу бойынша технологиялық операцияларды орындау кезінде қол еңбегін болдырмауды мақсат еткен.
Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty 2024: «Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық форумы 1-3 ақпан аралығында өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры ұйымдастырып отыр.
Биылғы жылы Digital Almaty қатысушыларына GovTech, Индустрия 4.0, ESG, Smart City және басқа салалардағы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және инновациялық шешімдер тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарлама ұсынылды. Панельдік пікірталастар аясында халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден астам спикерлер қатысып, экономика мен инновацияның нақты секторында жаңа технологияларды қолданудағы табысты кейстер туралы әңгімелейді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ