2021 жылы Kazakh Tourism бастамасымен қолға алынған «Сапа белгісі» бағдарламасы қонақжайлылық мәдениетін арттыруға және елдегі туристік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Осы уақыт аралығында 220 компания өз қызметінің туризм индустриясы стандарттарына сәйкестігін растады. «Сапа белгісі» туристік операторларға, орналастыру орындарына, қоғамдық тамақтандыру орындарына екі деңгей бойынша беріледі: «Very Nice» және «Nice».
«Сапа белгісін» иеленгендердің көпшілігі Астанада орналасқан. Туризм саласындағы 118 бизнес оған лайық танылған. Жоғары көрсеткішке «Visit Astana» серіктестік бағдарламасының нәтижесінде қол жеткізілді.
«Сапа белгісі» бағдарламасы Қазақстанның басқа аймақтарын да қамтиды. Алматыда стандарттарға сәйкестігін 18 кәсіпкер растады, ал Ақмола облысында бұл көрсеткіш 14-ке жетті.
Алматы облысы мен Шымкент қаласының әрқайсысында «Сапа белгісі» 8 компанияға берілді. Бағдарламаға ШҚО, СҚО, Маңғыстау және Жетісу облыстарынан 7 туристік бизнес өкілден қатысады.
Түркістан облысында 6, Қарағанды өңірінде 4, Абай облысында 3, Атырау аймағында 2, Ақтөбе өңірінде 1 туристік нысанға «Сапа белгісі» берілген.
Атап өткен жөн, үміткерлерді іріктеу мемлекеттік органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінен құралған жұмыс тобының кешенді бағалауы арқылы жүргізіледі.