Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім құрылымында өкпе обыры бірінші орында — Д.Қайдарова

2021 жылдың 29-30 сәуірінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында «Өкпе обыры. Озық шешімдер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн Конференция өтеді деп хабарлайды ҚР ДСМ Баспасөз орталығы.

Онлайн конференция барысында өкпе обырының пайда болу механизмдерін түсінудегі жаңа ғылыми жетістіктер, өкпе обырын диагностикалау мен емдеудің заманауи медициналық технологиялары, дербестендірілген терапияның инновациялық әдістері, сәулелік терапияның жоғары технологиялық әдістері және хирургияның заманауи жетістіктері, сондай-ақ өкпе обырымен ауыратын науқастарды оңалту және паллиативтік көмек мәселелері қамтылады.

Баяндамамен сөз сөйлеу үшін ДДҰ-ның Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігі (ХҚІЗА) өкпе обыры проблемалары жөніндегі жетекші шетелдік сарапшылары, сондай-ақ Италия, Испания, Ресей, Түркия, Беларусь және т.б. орталық онкологиялық орталықтарының сарапшылары шақырылды.

Өкпе қатерлі ісігі-әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісік. Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігі (ХҚІЗА) мәліметтері бойынша жыл сайын 2 миллионнан астам ерлер мен әйелдер өкпе обырымен ауырады, олардың үштен екісі – ер адамдар (1 368 524) және әйелдің үштен бірі (725 352). Өкпе қатерлі ісігі бүкіл әлемде қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің басты себебі болып табылады — жыл сайын бұл аурудан 1,8 миллионға жуық адам қайтыс болады.

Өкпе қатерлі ісігінің негізгі себебі-темекі шегу, оның ішінде пассивті (барлық жағдайлардың шамамен 90%).

«Қазақстанда өкпе обыры сүт безі обырынан кейінгі қатерлі ісіктердің ең көп таралған түрі болып табылады. Жыл сайын ҚР-да өкпе обырының 3500-ге жуық жағдайы анықталады. Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім құрылымында өкпе обыры да бірінші орында: шамамен 6-7 қазақстандық күн сайын өкпе обырынан көз жұмады», — дейді «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрайымы, ҚР ДСМ бас онкологы, м.ғ.д. Диляра Қайдарова.

Конференцияның пленарлық ашылуының видеосы:  https://www.facebook.com/KazIORonco/live/

Конференция бағдарламасымен және спикерлермен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://lung-cancer.kazior.kz/imgs/program.pdf

(+WhatsApp) 87017057876 Телефон арқылы БАҚ үшін қосымша анықтамалар

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі.