Қазақстанның 10 өңірі қызыл аймақта – Е.Қиясов

21 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында COVID-19 оң нәтижесімен 294 946 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 52 025 жағдай тіркелді деп хабарлайды ortcom.kz.

КВИ-дің оң нәтижесімен ауырған 252 598 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен ауырған 50 839 науқас емделді.

«Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 23 күн бойы тәуекелдің жоғары аймағында, яғни қызыл аймақта тұр. Сонымен қатар, 10 өңір тәуекелі жоғары аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстары», — деді Е.Қиясов.

Бүгінгі күні тәуекелдің орташа аймағында Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстары орналасқан. Жасыл аймақта 3 аумақ: Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары ғана бар.



Be the first to comment on "Қазақстанның 10 өңірі қызыл аймақта – Е.Қиясов"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*