Құрметті әділет органының ардагерлері, әріптестер! Сіздерді «30 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күні» мерекесімен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2012 жылдан бастап Әділет органдары қызметкерлерінің күні аталып келеді. Әділет органдары әрқашан азаматтардың заңды мүдделері мен бостандықтарын, конституциялық құқықтарын жүзеге асыру және қорғау, әділдік принциптерін бекіту, заңнаманы жетілдіру, мемлекеттілікті нығайту және дамытуға белсенді түрде ықпал етіп келеді.Тәуелсіздіктің тарихындағы 30 жылда Әділет органдарының көптеген жетістікке жетті.Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, бастамаларыңыз сәтті болып, атқарып жатқан игі істеріңізде абырой билігінен көріне беріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Ізгі ниетпен,Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы М.Тургараев