Қазақстан Түркияда мектеп салып жатыр: KazAID құрылыс операторы

Түркияда

2024 жылғы 19 желтоқсанда Түркия Республикасы, Нурдагы қаласы, Газиантеп провинциясында мектептің іргетасын қалау рәсімі өтті, оның құрылысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық етті.

Газиантеп провинциясы 2023 жылдың 6 ақпанында болған жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі болып табылады. KazAID түрік-қазақ бауырластығының символына айналатын мектеп құрылысының операторы болып тағайындалды.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев, Газиантеп провинциясының губернаторы Кемал Чебер, сондай-ақ Түркияның Сыртқы істер және Білім Министрліктер мен KazAID агенттігінің өкілдері қатысты.

Бұған дейін Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстанға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып өтті:

«Бұл мектеп болашақ ұрпақ адал болатын түрік-қазақ бауырластығының нышандарының біріне айналатынына сенімдімін. Қазіргі жаһандық жағдайда түркі әлемі елдері өзара             іс-қимылды нығайтуға тиіс. Қазақстан маңызды қадамдар жасады және бұл құрылыс — осының жарқын дәлелі.»

2024 жылғы 19 желтоқсанда қазу және құрылыс ресурстарын жұмылдыру бойынша дайындық жұмыстары аяқталды.

Газиантеп провинциясында мектеп салу — бұл Қазақстанның жер сілкінісінен қатты зардап шеккен аймақты қалпына келтіруге қосқан елеулі үлесі және дамуға ресми көмекті іске асырудың жарқын мысалы.

KazAID баспасөз қызметі