ҚР ІІМ Е.Саденовтың бұйрығымен, департамент басшысының ұсынысымен полиция полковнигі Серікбаев Алмас Сұлтанұлы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Оспанұлы Қалдарбеков таныстырып, алдағы атқарар қызметіне зор сенім білдірді.
Полиция полковнигі Алмас Серікбаев бұған дейін ішкі істер саласында түрлі басшылық лауазымдарда абыройлы қызмет атқарған азамат.
Ол осы қызметке дейін Түркістан облысы ПД Түлкібас аудандық полиция бөлімінің басшысы лауазымында болған.