Қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелеріне «Жайлы орта» басқармасының жұмыстары таныстырылды

Жайлы орта

Шымкент қалалық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелеріне «Жайлы орта» басқармасының атқарып жатқан жұмыстарымен танысуға мүмкіндік берілді. Кездесу барысында басқарма мамандары қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған негізгі жобаларды жан-жақты баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Басқарманың басты мақсаты – қала тұрғындары үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Бұл мақсатта жолдарды жөндеу, жаяу жүргіншілерге арналған ыңғайлы аяқжолдар салу, аулаларды абаттандыру, жарықтандыру жүйелерін жетілдіру, қоғамдық кеңістіктерді заманауи талаптарға сай жаңарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, балалар ойын және спорт алаңшаларын көбейту, көгалдандыру, суғару жүйелерін жаңғырту мәселелері де назарда.

Жиында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындардың талап-тілектерін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе, жаңа құрылыстардың сапасына бақылау жасау, қауіпсіздік шараларын күшейту және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.

Басқарма өкілдері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері бойынша нақты деректер ұсынылып, әрбір жобаға қатысты түсініктемелер берілді. Алдағы уақытта да «Жайлы орта» басқармасы тұрғындармен тығыз байланыста болып, халықтың қажеттілігін ескеріп жұмыс істеуді басты қағида ретінде ұстанатынын атап өтті.

Депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері осындай кездесулердің тұрақты өтуі басқарма жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Тұрғындар үшін маңызды жобаларды халықпен бірге талқылау қоғам сенімін арттыруға ықпал етеді. Әрбір ұсыныс пен пікір ескерілсе, қала инфрақұрылымы заман талабына сай жаңарып отырады. Жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – тек мемлекеттік құрылымдардың емес, барлық тұрғындардың ортақ міндеті. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс алдағы уақытта Шымкенттің жаңа даму кезеңіне жол ашпақ.