Қаланың қас-көзі шаһар басшысының жіті назарында

Қаланың

Жаңа гүлзар Асқаров көшесі мен Республика даңғылы қиылысындағы «Madlen» кондитерлік кофеханасы жанында жаңа гүлзар ашылды. Қала әкімі қаланы аралап жүріп, жалпы ауданы шамамен 4000 шаршы метрді құрайтын сквердің ашылуына қатысты. Жаңа ел демалатын қоғамдық орында субұрқақ пен орындықтар қойылып, толық жарықтандырылды. Алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астындағы кинотеатр да іске қосылады.

Сонымен қатар, шаһар басшысы Тұран ауданы, Айқап көшесіндегі жаңартылған балалар ойын алаңын да аралап көрді. Айта кетерлігі, жыл басында халықпен кездесу барысында тұрғындар осы алаңды жаңғырту туралы өтініш білдірген болатын. Халықтың пікірі назардан тыс қалмады. Мұндағы жұмыс демеушілер қаражаты есебінен жүргізілді. Қазіргі таңда шаһарда аталған мекемеге қарасты 10 саябақ, 40-қа жуық гүлзар мен аллея, 50 ескерткіш, 44 ұңғыма, 37 субұрқақ бар. Салаға жауаптылардың айтуынша, өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында қала аумағындағы басқармаға қарасты қаланың саябақтары мен гүлзарларына 4000 дана ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандырылған. Ал қаңтар айында 75 641 дана қызғалдақтың көшеттері егілген. Сондай-ақ, 8 саябақ, 27 гүлзар, 33 субұрқақ пен 33 ескерткіштің мемлекеттік тіркеу актілерін қайта тіркеу жұмыстары жүргізіліп құжаттандырылған. 12 гүлзар, 17 ескерткіш, 5 субұрқақтың жерге орналастыру құжаттары дайын. Оларға мемлекеттік акт алу үшін басқа да құжаттары рәсімделуде. Бұған қоса 37 субұрқаққа консервация (құру, жинау) жұмыстары жасалыныпты.Биылғы жылы да саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау жұмыстары жоспарға сай жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек, әкім “Достық” шағынауданы, Сыпыра жырау көшесінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында табиғи газбен қамту, кәріз, жол төсеу және жарықтандыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Қала әкімі тұрғындарға инфрақұрылымдық проблемалардың барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін түсіндірді.

Сондай-ақ, қала басшысы “Мәртөбе” кешенінің санитарлық жағдайын, “Өтеміс” және “Сайрам” тұрғын алабындағы мәдениет үйінің және “Шапырашты” тұрғын алабындағы спорт кешенінің құрылыс барысын да бақылады. Одан әрі әкім “Ордабасы” алаңында қайта жөндеуден өткен субұрқақтың іске қосылу шарасына да қатысты. Жаңартылған субұрқақ-мегаполисті абаттандыруға бағытталған тағы бір қадам деуге болады. Жұмыс нәтижесін зерделей келе, мердігер ұйым өкілдеріне анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою тапсырылды. Қала әкім “Қошқар ата” өзені жағалауында болып, санитарлық жағдайын тексерді. Жауапты тұлғаларға аумақтың жабық бөлігін ашып, орындықтар мен бейнебақылау камераларын орнатуды және жарықтандыруды тапсырды. Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Қабанбай батыр даңғылы, “Тәуелсіздік” саябағы, “Спутник” гүлзары, Түркістан және Арбат көшелерінің тазалығын да тексерді. Салалық басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
        



Be the first to comment on "Қаланың қас-көзі шаһар басшысының жіті назарында"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*