Қала тұрғынының құқығы қалпына келтірілді

Қала тұрғынының құқығы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Депаратмент) қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі және олардың сапасы жайлы арыз-шағымдарын қарауды жүзеге асырады.

Осы орайда, қала тұрғыны «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін ала алмай, аталған қызмет түрі бойынша мерзімі бұзылғандығы туралы өтінішпен жүгініп, тиісті шара қабылдауды сұрады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу уақыты 8 жұмыс күнін құрайды.

Алайда, қызмет көрсетуші тарапынан бұл мерзім бұзылғандығы анықталды.

Департамент тарапынан мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін кешіктіргендігі үшін, тиісті қызметшінің тәртіптік жауапкершілігі қаралды.

Осылайша, Департаментке «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша шағымданған қала тұрғының құқығы қалпына келтірілді.

Осы ретте айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 24/7 бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.