Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты құрылымдық бөлімдерінде бірқатар жаңа басшылар мен мамандар тағайындалды.
Аппараттық мәжіліс барысында аудан әкімі жаңа қызметке тағайындалған қызметкерлерді ұжымға таныстырып, алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
Атап айтқанда:
• Инфрақұрылым және абаттандыру бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бұл бөлімнің негізгі міндеті – аудан аумағындағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту, көше-жол желісін жөндеу және абаттандыру жұмыстарын үйлестіру болып табылады.
• Қоғамдық орта сапасын дамыту бөліміне де жаңа басшы келді. Бөлім қызметі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, экологиялық мәдениетті арттыруға және қала келбетін көркейтуге бағытталған.
• Сондай-ақ Экономика және жоспарлау бөлімінің бас инспекторы,
• Қоғамдық орта сапасын дамыту,
• Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және
• Аумақтық даму бөлімдерінің бас мамандары да өз лауазымдарына кірісті.
Кездесу барысында аудан әкімі жаңа тағайындалған мамандарға сенім білдіріп, әрқайсысына нақты міндеттер жүктеді.
«Әрбір қызметкер өз саласының дамуына серпін беріп, халықпен тікелей байланыс орнатуы қажет. Ең бастысы — нәтиже. Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, аумақтың тазалығы мен инфрақұрылымын дамыту — біздің ортақ мақсатымыз», – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, аппараттық жиында бөлімдер арасындағы өзара үйлестіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтіліп, алдағы кезеңде атқарылатын жоспарлар талқыланды.
Қаратау ауданы әкімдігі қызметкерлерінің жаңа құрамы ауданның дамуына жаңа серпін беріп, қала өмірінің түрлі салаларында жүйелі жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.