Қаратау ауданында 2020 жылдары газбен қамтылу деңгейі 73-75% болса, 2024 жылға қарай бұл көрсеткіш 98-100% деңгейіне жетті. Бірнеше жаңа газ тарату станциялары іске қосылып, газ құбырлары тартылды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер жаппай газға қосылып жатыр.
Қаратау ауданында газбен қамтамасыз ету жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс барлық тұрғын аймақтарды толық қамтуға бағытталған. Қайтпас шағынауданында жұмыстар аяқталып, тұрғындар толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілген. Ал Тассай тұрғын алабы мен Тұран шағынауданының жаңа құрылыс аймағында газ құбырларын тарту жұмыстары жалғасуда. Аудан әкімдігінің жоспарына сәйкес, алдағы уақытта Тассай, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе және Мирас сияқты елді мекендерді газбен қамту көзделіп отыр. Осы жұмыстар толық аяқталғаннан кейін аудан заманауи инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылады.
Қарқынды дамып жатқан қалалар жағдайында абаттандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және жайлы орта қалыптастыру мәселелері — жергілікті басқару саясатының басты бағыттарына айналуда. Аудан әкімі атап өткендей, қолға алынған шаралар әлеуметтік нысандардың құрылысын, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, көгалдандыруды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ортаның экологиялық тұрақтылығын арттыруды қамтиды.
Қаратау ауданының әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруды жалғастыра береді. Барлық елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы Қаратау ауданы Шымкент қаласының ең жайлы және дамыған аудандарының біріне айналуға ұмтылады. Жергілікті билік тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, ауданның дамуына жаңа серпін беру үшін тынбай еңбек етуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және Қаратау ауданын өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыруға бағытталған.
Қаратау ауданы – Шымкент қаласындағы қарқынды урбанизацияны бастан кешіп жатқан өңірлердің бірі. Соңғы жылдары бұл ауданның инженерлік инфрақұрылымы түбегейлі өзгеріп, халыққа жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайы жасалуда. Мемлекеттік бағдарламалар, қалалық әкімдіктің жүйелі жұмысы және тұрғындардың қолдауымен Қаратау ауданы заманауи инфрақұрылымға ие толыққанды қала бөлігіне айналуда.