Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан аумағындағы негізгі көшелер мен аяқ жолдар, аялдамалар мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстарын «Zhasyl zher» ЖШС -гі атқаруда. Аталған мекеме тазалық жұмыстарын орталық көшелерде күнделікті жүргізеді.Жалпы санитарлық тазалық жұмыстарына 45 техника мен 180 адам жұмылдырылған.Қаратау ауданында жалпы 524 аялдама мен 200 шаршы метрге жуық аяқжол бар.Қаланың бет-бейнесі — тазалықта. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз.Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі