Қаратау ауданында тазалық жұмыстары күшейтілді

Қаратау ауданында тазалық жұмыстары күшейтілді

Қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Қаратау ауданында тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл шаралар қаланың көркеюіне және тұрғындардың қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жалпы іс-шараларға 100-ден астам жұмысшы және 21 арнайы техника жұмылдырылды. Аудан аумағындағы Асар, Шымсити, Қайнарбұлақ, Бозарық шағынаудандары мен Бәйдібек би даңғылы, А-2 айналма жолы, Түркістан және Темірлан тас жолдары, сондай-ақ Бақбаев, Әл-Фараби, Өтегенов, Төлеметов, Арғынбеков, Жиделібайсын, Жаңа талап, Гагарин, Бөлешев, Сырым батыр, Бәйтереков, Ерімбетов және Алматы көшелерінің бойында тазалық жұмыстары атқарылды.

Нәтижесінде 4 450 метр ирригациялық жүйелер толық тазартылып, арық-атыздардағы су өткізу мүмкіндігі жақсартылды. Сонымен қатар, жалпы көлемі 149 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін қосымша жұмысшылар тартылып, мобильді топтар түнгі ауысымда да жұмыс істеуде. Мұндай тәсіл тазалықты тәулік бойы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көгалдандыру бағытында да маңызды шаралар қолға алынды. 78 маманның қатысуымен Тұран шағынауданы, жаңа әуежай терминалы аумағы, Сквер-1 және Асар ауруханасы аймағында шөп шабу және газон қырқу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар қаланың жасыл қорын сақтап қана қоймай, экологиялық жағдайды жақсартуға да ықпал етеді.

Сонымен қатар, қоғамдық орындардағы тазалық мәселесіне де баса назар аударылды. Сыпырған ата, Арғынбекова, Сейхун, Жантөре ата, Алматы көшелері және Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан 90 аялдама жуылып, тазартылды. Бұған қоса, қала аумағындағы А.Байтұрсынов, Ғ.Мұратбаев, Д.Қонаев және Б.Момышұлы ескерткіштері де арнайы тазалау жұмыстарынан өтті. Бұл қадам тұрғындар мен қала қонақтарының санитарлық тұрғыда қолайлы жағдайда демалып, қоғамдық көлікті пайдалануы үшін жасалды.

Қаратау ауданында жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Негізгі мақсат – аудан тұрғындарына қолайлы, таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ қаланың экологиялық жағдайын жақсарту.