Қаратау тазалықшылары: “Қала – бәріміздің ортақ үйіміз!”

Қаратау тазалықшылары: “Қала – бәріміздің ортақ үйіміз!”

Қаратау ауданының тазалық саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер қала тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға шақырды. Себебі, тазалық — тек коммуналдық қызметтің емес, әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші.

Аудан аумағында күн сайын көшелер мен аулалар тазартылып, күл-қоқыстар шығарылуда. «Жасыл-Жер Шымкент» ЖШС мен «Қаратау» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері тұрғындар мен кәсіпкерлерді өз иеліктеріндегі аумақтың тазалығына мән беруге үндеді.

Қаланың әр бұрышы таза, жасыл әрі көрікті болуы — баршамыздың ортақ мақсатымыз. Сондықтан тұрмыстық қалдықтарды арнайы контейнерлерге тастап, стихиялық қоқыс орындарын болдырмау, сенбіліктерге белсене қатысу — әр тұрғынның азаматтық борышы.

Тазалықшылардың айтуынша, бір күнде жиналатын тұрмыстық қалдық көлемі айтарлықтай көп. Соған қарамастан, олар күн сайын таңғы сағат 6-дан бастап түнге дейін жұмыс істейді.

«Қала – бәріміздің ортақ үйіміз. Үйімізді таза ұстасақ, көңіл де, өмір де таза болады» – дейді тазалықшылар.

Қаратау ауданы аумағында экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында тазалыққа бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Коммуналдық қызметкерлер күн сайын таңертең ерте көшелерді сыпырып, қоқыс алаңдарын ретке келтіреді. Дегенмен, қала тазалығы тек тазалықшылардың емес, барлығымыздың қатысуымызға байланысты.

Аудан әкімдігі мен «Жасыл-Жер Шымкент» ЖШС тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды бейберекет тастамауға, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және сенбіліктерге белсене қатысуға шақырады.

Қаратау — шымқаланың ең қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі. Сол себепті мұндағы әрбір тұрғын өз айналасын таза ұстап, жасыл желекке қамқор болса, ауданымыз одан әрі көркейе түсетіні анық.

«Таза қала – өз қолымызда! Табиғатты, қоршаған ортаны, өз үйімізді құрметтеу – нағыз мәдениеттіліктің белгісі» деген ұранмен тазалықшылар тұрғындарға ізгі үндеу жолдады.