Қазақстанда АЭС салу қалай қаржыландырылады. Ел қаржысы жете ме?

қаржысы

– Қазақстанда АЭС салу экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер етеді, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді. Құрылыс кезеңінде шамамен 7-8 мың жұмыс орны құрылады, одан әрі пайдалану персоналы үшін шамамен 2 мың адам қажет болады. Жоғары білікті кадрлардың керек санын даярлау қазақстандық жоғары оқу орындары бағдарламаларының дамуына әкеледі және олардың деңгейін айтарлықтай жақсартады.

АЭС орналасатын ауданда инфрақұрылым дамиды. Негізгі нысан жолдар, мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлер секілді басқа объектілердің құрылысына алып келеді. Енді қаржыландыру мәселелері бойынша әлемдік тәжірибегесүйенетін болсақ, АЭС секілді үлкен жобаларды іске асырғанда, қаржыландырудың әртүрлі сұлбаларын қолданады. Мысалы, инвестициялық жобаны қаржыландырудың ең танымал нұсқасы — EPC-келісімшарты(ағылшынша engineering, procurement, construction). Соңғы уақытта атом энергетикасындағы ірі жобаларды қаржыландыру үшін жаңа схемалар белсенді қолданыла бастады: жеке капитал басты рөл атқаратын ВОО(ағылшынша build-own-operate) және ВООТ (ағылшынша build-own-operate-transfer). Қаржыландыру моделі мен оның шарттары бүкіл жобаның құнына әсер етеді. Сондықтан, қаржыландыру көздері мен оның көлемі болашақ жұмыстар аясында анықталатын болады.