Бүгінде пайдаға кенелемін деп бар жиған-тергенінен әп-сәтте айырылып қалып жатқан қазақстандықтар аз емес. Сiзге тез қайтымды жобаға ақша салуды ұсына ма? Уәденi үйiп-төгiл бере ме? Достарыңызды тартуды сұрай ма? Сақ болыңыздар, бұл ұйым қаржылык пирамида болуы мүмкiн! Қаржылық пирамиданың негiзгi белгiлерi: мiндетi жарна, айтарлықтай пайызды және салынған ақшаны тез қайтаруды уәде ету, жаңа қатусышылар үшiн бонустар, әлеуметтiк желiлерде белсендi жарнама жасау және ең бастысы — қаржы реттеушiсi лицензиясының болмауы.
Осы орайда бүгін Түркістан қаласы Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ-мектеп-лицейінің ұстаздарына Әділет департаментінің қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жасады.
Талайды тентіреткен қаржы пирамидасының құрбандарының санын азайтып, азаматтардың оған тап болмауы жолында бірлесіп қызмет атқарайық!!
Осындай қаржылық пирамидалардың арбауына түсіп қалмау үшін халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттырумыз қажет.Құқықтық сауаттылығы жоғары адам тура жолдан адаспайды. Алаяқтардан сақ болайық.