Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің міндеттерінің бірі Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау болып табылады.
Осы орайда, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қаладағы «Арнайы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында» Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Бақылаудың мақсаты, мемлекеттік қызмет көрсету сапалылығы, қызметті алушыларға қолайлы жағдайдың болуы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Сервистік және Клиентке бағдарланған ұстанымды қалыптастыру болып табылады.
Бақылау шараларына Департаменттің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы А.Қансейіт және Республикалық «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.
Қоғамдық бақылау барысында: мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға, сонымен қатар қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуына, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен т.б. мәселелерге қатысты мониторинг жүргізілді.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігін жеткізді.
Сондай ақ, Қоғамдық бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, сонымен қатар, бюрократиялық көріністерге жол бермеу және оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды.
Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді
