Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің бүгінгі өткен кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Абдунабиұлы, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Архабаев Нұрлан Түлепбергенұлы, Шымкент қаласының қаржы басқармасы басшысының м.а. Мейірова Әлия Қуанышқызы 2021 жылдың 8 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы және нәтижесі туралы баяндама жасап, қоғамдық кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді.Өз тарапымнан, қоғамдық кеңес мүшесі ретінде Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Архабаев Нурлан Тулепбергенұлына сауал қойдым. Өздеріңіз білетіндей, Шымкент қаласы Қазақстан Республикасының Үшінші мегаполисі болды. Сәулетті, тарихы тұнық қала. 1 миллионнан астам халқы бар. 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болды. Сондықтан да, қаламыздың басым бөлігі санитарлық-гигиеналық нормаларға сай болуы қажет. Шымкент қаласының «Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің кәсіподақ» төрағасы Абдурайра Манахов осы мәселе бойынша «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы атына жазған хаты да бар. Яғни, менің атыма. Қаламызды таңғы 6-дан бастап тазалыққа жауапты жұмысшылар көше тазалайды. Олардың арасында әйел азаматшалар бар. Біздегі мәселенің бірі сол кісілерге, жалпы қала тазалығы үшін дәретхана ұйымдастырылмаған. Тіпті жоқ деуге болады. Биологиялық жағдай болған соң адамзат дәретхана іздейді. Басқарма басшысынан осы мәселе қашан түбегейлі шешімін табатынын сұрадым.Қоғамдық кеңес төрағасы Нұрғазы Бұхарбай бұл мәселе хаттамаға енгізілуіне тапсырма беріп, басқарма тарапынан бір ай көлемінде қаралып, келесі жылы бюджет жоспарына енгізілуін сұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері де бірауыздан қолдады.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы