Сайрам ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. «Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті» Түркістан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің №29-13/03-06/1873 хатын талқылау.
2. Қазақстан республикасы Жер кодексінің 43-1 бабы 2 тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелеріне келісім беру туралы.
3. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі.
4. Қарабұлақ ауыл округі әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев ақпарат берді, екінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Абылғазиевке сөз берілді, үшінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Н.Әбілдаев және төртінші мәселе бойынша Қарабұлақ ауыл округінің әкімі Камилжан Абдилахатов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.