Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңына сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әкімдерінің және мәслихат хатшысының қоғамдық кеңестер алдында есеп беру көзделген. Осыған орай, Шымкент қаласы әкімдігінде Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырысты Шымкент қаласы Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынның күн тәртібінде: 1. Мемлекеттік органның 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен нәтижесі туралы; 2. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекцияның штат санын арттыру бойынша ұсынысы туралы; 3. «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК жарғысын бекіту туралы қалалық әкімдіктің қаулы жобасы; 4. «Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» қалалық әкімдіктің қаулы жобасы; 5. «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» қалалық әкімдіктің қаулы жобасы; 6. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы»өзгеріс енгізіу бойынша шешімнің жобасы туралы мәселелер қаралды.Қаралған мәселелерге қатысты Шымкент қаласының Білім, Құрылыс, Дін істері, Ветеринариялық инспекция, Жайлы ортаны дамыту, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшыларының есептері мен ұсыныстары тыңдалды.
Б.Момышұлының «Жұртым» деп — жұмылып, «Елім» деп — езіліп қызмет ет» дегеніндей алдағы уақытта да Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі ел игілігі мен өркендеуі үшін қызмет ететіндігіне нық сеніммен атап өтемін. Құрметті қала тұрғындары! Қоғамдағы кез-келген келеңсіз жайлардың алдын алуға, болдырмауға бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын. Өз тараптарыңыздан ұсыныстарыңызды маған жолдасаңыздар назарға алынады.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы