ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген қала тұрғынының  құқығы қалпына келтірілді

ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген қала тұрғынының  құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының тапсырмасына сәйкес, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылған.
Агенттіктің аталған платформа арқылы Шымкент қаласы бойынша департаментіне қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне және олардың сапасын арттыру бағытында ұсыныстар мен арыз-шағымдар келіп түсуде.
Мәселен, қала тұрғыны «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша балаларын басқа мектепке ауыстыру бойынша берген өтінішіне жауап ала алмағандығын көрсеткен.
Департаменттің араласуымен жүгінушінің өтініші Шымкент қаласының Білім басқармасына жолданып, жүгінуші тиісті мемлекеттік қызмет түріне қол жеткізіп, оның құқығы қалпына келтірілді.
Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 24/7 тәртібі бойынша шағым беруге бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.