Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Марика» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі берген.
Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған Өзбекстан елінің азаматын тінту кезінде сөмкесінің ішінде қағазға оралған есірткі затына ұқсас затты тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдікті аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат “марихуана” болып шықты.
Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі